Бұзақылар UFC президентінің үйіне басып кірмекші болған

Бұзақылар UFC президентінің үйіне басып кірмекші болған
Жекпе-жек

UFC президенті Дана Уайт АҚШ-тың Левант қаласындағы үйіне бұзақылардың басып кірмекші болғанын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Суреттегі бұзақы менің Мэн штаты Левант қаласындағы үйімнің есігін бұзбақшы болды. Оның кім екенін полицияға айтқан бірінші адамға 2500$ төлеймін", - деп жазды Дана Уайт әлеуметтік желіге бейнебақылау жүйесіне суреті түсіп қалған бұзақының суретін жариялап.

Дәл осы сәтте Дана Уайт отбасымен үйінде болған екен.