"Бешікташ" Серхио Рамоспен келісімшарт жасаспайды
 
                Футбол
                                            Getty Images
Түркиялық "Бешікташ" франциялық "ПСЖ" экс-қорғаушысы Серхио Рамоспен келісімшарт жасасуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Келісім болмайды, өйткен оған бізде қаржылай мүмкіндік жоқ", - деп мәлімдеме жасады "Бешікташ".
Айта кетейік, 37 жастағы Серхио Рамос осы жазда "ПСЖ" сапынан кетті. Ол жаңа клубында жылына 10 млн еуродан кем емес жалақы алғысы келеді. Бұны "Бешікташ" вице-президенті Эмре Коджадаг айтқан болатын. 
