Неймар, Малком, Буну. "Әл-Хилаль" жаңа ойыншыларының ресми таныстырылымын өткізді

Футбол
Саудиялық "Әл-Хилаль" жанкүйерлеріне жаңа ойыншыларының ресми таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Клуб стадионда "ПСЖ-дан" 90 млн еуроға сатып алған ойыншысы Неймардың таныстырылымын өткізді. Сонымен қатар, шараға саудиялық командаға 60 млн еуроға ауысқан жартылай қорғаушы Малком ("Зенит") мен "Севильяның" экс-қақпашысы Яссин Буну да қатысты (21 млн еуро).


