“Астананың” Конференция лигасы плей-оффындағы қарсыласы анықталды

“Астананың” Конференция лигасы плей-оффындағы қарсыласы анықталды
Футбол

“Астананың” УЕФА Конференция лигасв плей-офф кезеңінлегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық клубтың қарсыласы албаниялық “Партизани” болмақ. Бұл клуб үшінші іріктеу кезеңінде “Валмиераны” екі рет (2:1, 1:0) жеңген. 

Командалардың алғашқы ойыны 24 тамыз күні Астанада, қарымта кездесуі 31 тамыз күні Албанияда өтеді. 

Еске салайық, “Астана” УЕФА Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде “Лудогорецтен” жалпы 3:6 есебімен жеңіліс тапты.