“Севилья” қақпашысы саудиялық клубқа ауысады

“Севилья” қақпашысы саудиялық клубқа ауысады
Футбол

Getty Images

Марокко құрамасы мен “Севилья” қақпашысы Яссин Боно “Әл-Хилаль” ойыншысы атанады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, Боно трансферіне қатысты барлық келіссөздер сәтті аяқталды. Ойыншы 20 млн еуроға жаңа клубқа ауысады. 

Қақпашы мен команда арасындағы келісімшарт 2028 жылға дейін есептеледі. Боно “Әл-Хилальде” жылына 10 млн еуро алады.