“Манчестер Сити” УЕФА Суперкубогының иегері атанды

“Манчестер Сити” УЕФА Суперкубогының иегері атанды
Футбол

“Манчестер Сити” 2023 жылғы УЕФА Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матчта “Манчестер Сити” пенальти сериясында “Севильядан” басым түсті. 

Кездесудің 25-минутында “Севилья” шабуылшысы Юссеф Эн-Несири есеп ашса, екінші таймда (63’) Коул Палмер таразы басын теңестірді. Одан кейін екі команда да гол соғатын мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмай, матч жеңімпазы пенальти сериясында анықталды.

Пенальтиде “Манчестер Сити” 5:4 есебімен қарсыласынан басым түсіп, тарихта тұңғыш рет УЕФА Суперкубогының иегері атанды.