Неймар “Әл-Хилальге” ауысуына қатысты пікір білдірді

Неймар “Әл-Хилальге” ауысуына қатысты пікір білдірді
Футбол

“Әл-Хилаль” ФК

Бразилиялық шабуылшы Неймар франциялық “ПСЖ-дан” саудиялық “Әл-Хилальге” ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Мұнда жаңа тарих жазғым келеді. Сауд Арабиясында сапалы ойыншы көп. Лига қазір қарқынды дамып жатыр, сондықтан мұнда келгісі келетіндер қатары артатынына сенімдімін. 
“Әл-Хилаль” - тамаша жанкүйерлері бар Азиядағы үздік клуб. Дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін, жеңіске жетіп, гол соққанды жақсы көремін. “Әл-Хилаль” сапында да осы бағытымнан танбаймын”, - деді Неймар деп жазады клубтың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Неймар “Әл-Хилальмен” екіжылдық келісімшартқа қол қойды. Осы уақыт аралығында футболшы шамамен 300 млн еуро табыс табады.