Артур Гатиятов “Барыс” жүйесіне қайта оралды
Хоккей
Шабуылшы Артур Гатиятов “Бары жүйесіне қайта оралды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Shaiba.kz сайтының жазуынша, Артур Гатиятов мансабын “Номадта” жалғастырады. 23 жастағы шабуылшы осы жазда “Витебскпен” сынақ келісімшартына қол қойған еді.
Ал өткен жылы қазақ хоккейшісі финляндиялық “Киекко-Поятта” өнер көрсетіп, тұрақты маусымның 46 матчында 40 (9+31) ұпай олжалады. Ал плеф-оффтың 7 ойынында 6 (2+4) ұпайды өз есебіне жазды.