Неймар трансферлер құны бойынша рекорд жасады

Неймар трансферлер құны бойынша рекорд жасады
Футбол

Getty Images

Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Неймар трансферлер құны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 
2013 жылы Неймар “Сантостан” испаниялық “Барселонаға” 88 млн еуроға ауысқан. Ал 2017 жылы “ПСЖ” Неймар үшін каталониялық клубқа 222 млн еуро төледі. Ал Неймардың жаңа клубы “Әл-Хилаль” футболшыны “ПСЖ-дан” 90 млн еуроға сатып алған. Сонда Немардың үш трансферіне клубтар барлығы 400 млн еуро қаражат жұмсаған. Бұл - футбол әлеміндегі жаңа рекорд. 
Transfermarkt мәліметінле, бұл көрсеткіште екінші орында Ромелу Лукаку келеді - 7 трансфер, 333, 36 млн еуро. Ал үздік үштікті португалиялық Криштиану Роналду түйіндеп тұр (4 трансфер, 247 млн еуро).
Еске салайық, Неймар “Әл-Хилальмен” екіжылдық келісімшартқа қол қойды.