“Номад” Беларусьтегі халықаралық турнирге қатысады
Хоккей
16-19 тамыз күндері Беларусьтің Гродно қаласында хоккейден халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
“Достық Кубогы” деп аталатын турнирде Қазақстан намысын астаналық “Номад” қорғайды. Одан өзге, Беларусь, Ресей мен Өзбекстанның командалары бақ сынайды.
Турнирдің екі финалдық жолдамасын “Неман”, “Сокол”, “Хумо” мен “Номад” өзара сарапқа салады.
“Номадтың” жарыстағы ойын кестесі:
16 тамыз. 18:00. “Номад” - “Сокол”
17 тамыз. 18:00. “Хумо” - “Номад”
19 тамыз. 18:00. “Неман” - “Номад”