Неймар Сауд Арабиясы туралы әр посты үшін 500 мың еуро алады

Неймар Сауд Арабиясы туралы әр посты үшін 500 мың еуро алады
Футбол

Getty Images

Бразилиялық шабуылшы Неймар “Әл-Хилальде” әртүрлі сыйақылар алады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Footmercato жазуынша, футболшының жеке ұшағы болады. Сонымен қатар, ол сүйіктісі Бруна Бьянкардимен некесін қимай, бірге тұра алады. Сауд Арабиясы заңдарына сәйкес, некесі қиылмаған қыз бен жігітке бірге тұруға болмайды.

Сондай-ақ, Неймар “Әл-Хилальдің” әр жеңісі үшін 80 мың еуро алады. Ал Сауд Арабиясы туралы әр постына 500 мың еуро төленеді. 

Бұған дейін Неймар жаңа командасында жылына 100 млн еуро пайда табады деген ақпарат тараған.