“Әл-Хилальге” дейін: Неймар келіссөз жүргізген топ-клубтар белгілі болды

“Әл-Хилальге” дейін: Неймар келіссөз жүргізген топ-клубтар белгілі болды
Футбол

“Барселона” бразилиялық футболшы Неймармен келісімшарт жасасқысы келген жалғыз еуропалық клуб болған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

The Independent жазуынша, каталониялық клуб Неймарды тіркеуі үшін үшін төрт футболшысынан бас тартуы керек болған. Сонымен қатар, команда оны тек жалға ғана ала алатын еді. 

Ал Неймардың өзі “Манчестер Юнайтед”, “Бавария”, Реал”, “Челси” мен “Манчестер Ситиге” қызметтерін ұсынған. 

Осыдан кейін бразилиялық спортшы “Әл-Хилальге” ауысуға келісім берген.