“Ақтөбе” румыниялық клубпен тең түсті

“Ақтөбе” румыниялық клубпен тең түсті
Футбол

УЕФА Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында “Ақтөбе” сырт алаңда румыниялық “Сепсиге” қарсы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Матчта ақтөбелік клуб Элдер Сантананың соққан голымен есеп ашса, ойынның 89-минутында “Сепси” ойыншысы Роланд Варга таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша, матч тең есеппен аяқталды.

Командалардың қарымта кездесуі 17 тамыз күні Ақтөбеде өтеді.