“Барыстың” экс-шабуылшысы мансабын Швейцарияда жалғастырады
Хоккей
“Барыс” пен “Авангардтың” канадалық экс шабуылшысы Корбэн Найт мансабын Швейцарияда жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Чемпионат.com жазуынша, форвард “Бернмен” бір жылға арналған келісімшартқа қол қояды.
Бұған дейін хоккейші отбасылық жағдайларына байланысты “Авангардпен” келісімін бұзған. Өткен маусымда ол 58 матчта 34 (15+19) ұпай олжалаған. Ал плей-оффтың 15 ойынында 10 (5+5) ұпайды еншісіне жазды.
Айта кетейік, Корбэн Найт 2019-2020 жылдар маусымында Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсете бастаған. Оның Лигадағы алғашқы клубы “Барыс” болды. Артынша форвард омбылық командаға ауысып, “Авангардпен” бірге Гагарин Кубогының иегері атанды.