Артур Гатиятов белорусиялық клубпен келісімге келді
Хоккей
Қазақстандық шабуылшы Артур Гатиятов мансабын белорусиялық клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Shaiba.kz сайтының жазуынша, 23 жастағы хоккейші белорусиялық “Витебскпен” сынақ келісімшартына қол қойған. Артур Гатиятов өткен маусымда финляндиялық “Киекко-Поят” сапында өнер көрсетіп, Местис лигасының тұрақты чемпионатында 46 матчқа қатысып, 40 (9+31) ұпай олжалады. Ал плей-оффтың 7 матчында 6 (2+4) ұпйады өз есебіне жазды.