Тағы бір түркиялық клуб Нұралы Әліпке қызығушылық танытып отыр

Тағы бір түркиялық клуб Нұралы Әліпке қызығушылық танытып отыр
Футбол

Чемпионат.com

Ыстамбұлдық “Фенербахче” “Зенит” сапындағы қазақ футболшысы Нұралы Әліпке ұсыныс жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Takvim жазуынша, “Фенербахче” Қазақстан ұлттық құрамасы қорғаушысын өз қатарына қосу жөнінде алғашқы ұсынысты жасап үлгерген. “Зенит” өз қорғаушысын 5 млн еуроға бағаласа, түркиялық клуб 2,5-3 млн еуро ұсынып отыр. 

Ал Нұралы Әліптің өзі мансабын Түркияда жалғастыруға қарсы емес. Бұғвн дейін фәліпке тағы бір түркиялық клуб “Бешикташ” қызығушылық танытқанын жазғанбыз. Өткен маусымда Нұралы Әліп “Зенит” сапында бір матч өткізді.