FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңі аяқталды

FIFAe Nations Series 2022 іріктеу кезеңі аяқталды
Футбол
Киберспорт
Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы халықаралық киберспорт аренасында ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтап, олардың есімдерін жариялайды.
Іріктеу жеңімпаздары: Ақназар "aka_nolito" Бексейітов, Абылайхан "abodykz" Абдықадыр және Олжас "ZhasikFIFA09" Есентаев (қосалқы құрам). Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда Таяу Шығыс және Африка аймағындағы FIFAe Nations Online Qualifier «A» тобына енді:
  • Қазақстан
  • Қатар
  • БАӘ
  • Грузия
  • Бахрейн
  • Марокко
Іріктеу кезеңін ФИФА қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы бірлесіп өткізді.