Нұралы Әліптің командаласы “Әл-Хилаль” ойыншысы атанды
Футбол
Чемпионат.com
Ресейлік төлқұжаты бар бразилиялық шабулышы Малком “Әл-Хилаль” ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы саудиялық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін Малкомның “Әл-Хилальмен” үш жылдық келісімшартқа қол қоятыны туралв ақпарат тараған.
“Зенит” бас директоры Александр Медведев Малкомның трансферлік құны 60 млн еуро болатынын айтқан. “Әл-Хилаль” оның жартысын бірден, қалған 30 млн еуро маусым соңына дейін төленеді.
Өткен маусымда Малком “Зенит” сапында жалпы 33 матчқа қатысып, 26 гол және 7 нәтижелі пасты өз еншісіне жазған еді.