"Ақтөбе" кутаисилік "Торпедоға" қарсы матчқа ұша алмай жатыр
Футбол
"Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында кутаисилік "Торпедоға" қарсы болар матчына ұша алмай жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ақтөбелік клуб ойыншылары мінген чартерлік рейстің 7 сағат бойы әуеге көтеріле алмауының басты себебі - Грузияның ұшақты қабылдауға келісім бермеуі.
Сонымен қатар, "Ақтөбе" ойыншысы Андерсон Ньянгбо грузиялық виза ала алмаған, сол себептен ол "Торпедоға" қарсы ойынға қатыспайды.
Ал "Ақтөбе" мен "Торпедо" (Кутаиси) арасындағы ойын 27 шілде күні өтеді.