Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Басқа

Instagram/pvc_caspiy

Жағажай волейболынан Таиландта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ волейболшылары күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

21 жасқа дейінгі жастар арасындағы сары құрлық бәсекесінде ел намысын екі әйелдер және екі ерлер командасы қорғады. Азия біріншілігінің нәтижесінде Ивайло Тодоров пен Клим Рюхов тұңыр биігінің екінші сатысына көтеріліп, күміс жүлдеге ие болды. Турнир финалында қазақ волейболшылар Аустралия спортшыларына есе жіберді. Ивайло Тодоров пен Клим Рюхов қараша айында дәл осы Таиландта өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. 

Сонымен қатар, ерлер арасында Қазақстан намысын қорғаған Даниил Жигалов пен Владислав Мастихин үздік ондыққа еніп, сегізінші орынға табан тіреді.