Саудиялық клуб Гризманнға жылына 40 млн еуро жалақы ұсынды

Саудиялық клуб Гризманнға жылына 40 млн еуро жалақы ұсынды
Футбол

Getty Images

Антуан Гризманн Сауд Арабиясы чемпионаты клубынан ұсыныс алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Журналист Ашраф Бен-Айядтың жазуынша, "Әл-Хилаль" испаниялық "Атлетико Мадридтің" шабуылшысына жылына 40 млн еуро жалақы төлеуге әзір екендігін жеткізген. 

Бұған дейін франциялық форвардқа "Әл-Наср" қызығушылық танытқан еді.

Айта кетейік, Ла Лига өткен маусымында 38 матчқа қатысқан Гризманн 15 нәтижелі соққымен көзге түсті.