Конференция лигасы: “Ақтөбенің” екінші кезеңдегі қарсыласы анықталды

Конференция лигасы: “Ақтөбенің” екінші кезеңдегі қарсыласы анықталды
Футбол

“Ақтөбенің” УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық клуб грузиялық “Торпедо” (Кутаиси) командасына қарсы ойнайды. “Ақтөбе” алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді. Екінші кезеңнің матчтары 27 шілде мен 3 тамыз күндері өтеді. 

Айта кетейік, грузиялық “Торпедо” бірінші кезеңде “Сараево” (Босния-Герцеговина) клубын жеңген.