Роналду мансабын Португалия құрамасында аяқтамайтынын айтты
Футбол
Чемпионат.com
"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабын Португалия ұлттық құрамасында аяқтамайтынын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Португалия құрамасындағы болашағым қандай болмақ? Әлі де өзімді дәлелдеуім керек. Жыл сайын дәлелдейтін жаңа қырым бар екенін түсінемін. Мансабымның ұзақ болғанын көрсете отырып, әлемге әлі де пайдамды тигізе аламын деп ойлаймын. Голдар, пастар, іріктеу турнирінде ойдағыдай өнер көрсету, Еуропа чемпионатын жақсы өткізу. 21 жылдық мансабым бойы жасап келе жатқан дүнием - футболдан ләззат алуды жалғастыруым керек. Әлі де бұл салаға пайдамды тигізе алатынымды сеземін", - деп жазады Роналдудың сөзін Record.
Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Португалия келесі ойынын 9 қыркүйек күні Словакияға қарсы өткізеді.