Жеңіл атлетика: Ел қоржынына Азия біріншілігінің күміс жүлдесі түсті

Жеңіл атлетика: Ел қоржынына Азия біріншілігінің күміс жүлдесі түсті
Басқа

qazathletics.kz

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан ХХV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды bassoprt.kz тілшісі. 

Ерлер арасында 10 мың метрге жүгіруде ел намысын қорғаған Шадрак Кимутай Коеч аталған қашықтықты 29 минут 31,63 секундта жүгіріп, екінші орынға табан тіреді. 

Бұл сайыста жапониялық Рен Тазава чемпион атанса, үндістандық Пал Абхишек қола жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан сары құрлық бәсекесі 16 шілдеге дейін жалғасады және онда ел намысын 31 спортшы қорғап жатыр.