УЕФА "Ромаға" 5 млн еуро көлемінде айыппұл салды
Футбол
Getty Images
УЕФА италиялық "Ромаға" 5 млн еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Италиялық клуб қаржылық фэйр-плей ережесін бұзған. Calciomercato жазуынша, клуб капиталы 30 маусымға дейін 28 млн еруоға жетпеген. Салдарынан УЕФА айыппұл салған. Команданың бұдан да қиын санкцияларға іліну қаупі болған, атап айтса, Еурокубоктардан шеттету және 50 млн еуро көлемінде айыппұл салу.
Өткен маусымда "Рома" 63 ұпаймен Итлаия чемпионатын алтыншы орында аяқтаған болатын. Сондай-ақ, Еуропа лигасының финалында өнер көрсетіп, "Севиляьдан" 1:2 есебімен жеңілген еді.