Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Жекпе-жек

Мансабында бірде-бір жеңіліс таппаған қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Журналист Рубен Картердің жазуынша, қазақстандық жекпе-жек шебері Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде Белал Мұхаммадпен кім мықтыны анықтайды. Ал жекпе-жек 21 қазан күні өтеді. 

Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. Бүгінде Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмақтағы рейтингінде алтыншы, ал Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.