Испания құрамасы 11 жыл дегенде чемпиондық атаққа ие болды
Футбол
Getty Images
УЕФА Ұлттар лигасының 2022/2023 жылдар маусымының финалы мәресіне жетіп, Испания құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Испания мен Хорватия құрамалары ойынның негізгі уақыты мен экстра-таймда жеңімпазды анықтай алмай, чемпион пенальти соққысында белгілі болды. Пенальти соққысында 5:4 есебімен жеңіске жеткен Испания құрамасы 11 жылда алғаш рет чемпион атанып отыр. Команда соңғы рет 2012 жылғы Еуропа чемпионатында топ жарған.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін Португалия (2019) мен Франция (2021) құрамалары чемпион атанған еді.