УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы белгілі болды

УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы белгілі болды
Футбол

Getty Images

Испания мен Хорватия құрамалары чемпиондық атаққа таласқан 2022-2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ұлттар лигасының финалы Нидерланд елінің Роттердам қаласындағы "Де Кейп (Фейеноорд) стадионында өтті. 120 минут бойы командалар бір-бірінің қақпасының кілтін таба алмай, жеңімпаз пенальти соққысы арқылы анықталды. 11 метрлік соққылар нәтижесінде Испания құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. 

Ойындағы шешуші пенальтиді Даниэль Карвахаль соқты. 

Ал УЕФА Ұлттар лигасының қола жүлдесі Нидерландты 3:2 есебімен жеңген Италия құрамасына бұйырды.