Ұлттар лигасы финалында Хорватияның қарсыласы кім

Ұлттар лигасы финалында Хорватияның қарсыласы кім
Футбол

УЕФА Ұлттар лигасы финалының екінші жолдамасын Испания мен Италия құрамалары өзара сарапқа салды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Энсхедте өткен кездесуде Испания құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Испаниялықтар қатарынан Йереми Пино (3’) мен Хоселу (88’) гол авторлары атанды. Ал Италия командасынан Чиро Иммобиле нәтижелі ойынымен көзге түсті. 

Осылайша, Испания құрамасы 18 маусым күні өтетін УЕФА Ұлттар лигасы финалына жолдама алды. Чемпиондық атаққа Испаниямен бірге, Хорватия командасы таласатынын айта кетейік.