Месси әлемнің ең үздік бапкерін атады

Месси әлемнің ең үздік бапкерін атады
Футбол

Аргентиналық футболшы Лионель Месси Titan Sports-қа берген сұзбатында “Манчестер Ситидің” Чемпиондар лигасындағы жеңісі мен Пеп Гвардиола жөнінде пікірімен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Иә, Пеп Гвардиоламен араласамыз. Чемпиондар лигасында лайықты жеңіске қол жеткізді. Ол - әлемнің ең үздік бапкері”, - деді Лионель Месси. 

Айта кетейік, бұрын Пеп Гвардиола мен Месси бірге жұмыс істеген. Бапкер 2008-2012 жылдары “Барселонаны” жаттықтырып, екі Чемпиондар лигасында, үш рет Испания чемпионатында, екі мәрте Испания Кубогында жеңіске жеткен. Одан бөлек, Испания Суперкубогының үш дүркін чемпионы атанып, екі рет УЕФА Суперкубогы, тағы екі мәрте Клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.