Жозе Моуринью "Ромамен" келісімшартты ұзарту мәселесін талқылады

Жозе Моуринью
Футбол

Getty Images

Жозе Моуринью "Романың" бас бапкері қызметінде 2024 жылға дйеін қалады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Римдік команданың иесі Дэн Фридкин осы дүйсенбі, 5 маусым күні португалиялық маманмен кездесіп, келісімшарт мәселесін талқылаған. 

SportItalia жазуынша, Фридкин Моуриньюмен серіктестікте жалғастырып қоймай, осы жылы аяқталатын келісімшартты одан әрі қарай ұзартуға ниеттеніп отыр. 

Жозе Моуринью 2021/22 жылдар маусымынан бері "Романы" жаттықтырып келеді. Биыл ол командамен бірге Еруопа Лигасы финалында өнер көрсетті.