“Әл-Хилаль” Серхио Рамосқа 60 млн еуролық келісімшарт ұсынып отыр
Футбол
Сурет: Getty Images
Франциялық “ПСЖ” қорғаушысы Серхил Рамос саудиялық “Әл-Хилальға” ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Defends Central хабарлауынша, Рамостың агенттері бірнеше ай бойы саудиялық клубпен келіссөз жүргізіп келеді.
“Әл-Хилаль” Серхио Рамосқа жылына 30 млн еуро жалақы алатын екі жылға арналған келісәмшарт ұсынуға әзір көрінеді. Сонымен қатар, испаниялық футболшы команда құрамын толықтырса, түрлі салық жеңілдіктеріне ие болуы мүмкін.
Ал Рамостың өзі кез келген еуропалық топ-клубтан түскен ұсынысқа қатысты ойланып көруге дайын, соынмен қатар мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруға да қарсы емес.
Бұған дейін “ПСЖ” маусым аяқталған бойда Рамостың клубтан кететінін мәлімдеген.