Серхио Рамос “ПСЖ-дан” кетті
Футбол
Сурет: “ПСЖ” ФК
“ПСЖ” қорғаушысы Серхил Рамос маусым аяқталғаннан кейін командадан кетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы париждік клубтің баспасөз орталығы мәлімдеді.
Бұған дейін “ПСЖ-ның” ойыншыға жалақысы екі есе қысқартылған бір жылға арналған келісімшарт ұсынғаны мәлім болған. Алайда футболшы бұл ұсыныспен келіспеген. Қазіргі таңда испаниялық футболшы өзге клубтардан ұсыныс күтіп отыр. Сауд Арабиясы клубтарының бірі футболшыны өз қатарына қосуға ниет білдіруі мүмкін деген ақпарат та бар.
Айта кетейік, Серхио Рамос 2021 жылдан бері париждік клуб намысын қорғап келеді. Биылғы маусымда Серхио Рамос 43 матчқа қатысып, 3 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті.