Роналду ұлттық құрама ойындары алдында жарақат алып қалды

Роналду ұлттық құрама ойындары алдында жарақат алып қалды
Футбол

Сурет: Instagram.com/Cristiano

Португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" Сауд Арабиясы чемпионатында 31 мамыр күні өткізген ойынына қатысқан жоқ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бұған Криштинау Роналдудың ойынға төрт күн қалған кезде бұлшықетінен алған жарақаты себеп болған. Бұл ойында "Әл-Наср" қарсыласы "Әл-Фатехті" 3.0 есебімен жеңді. 

Еске салайық, осыдан санаулы күн бұрын Криштиану Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде өнер көрсететін Португалия ұлттық құрамасы ойыншылары қатарына енген. Бірақ форвард жарақатына байланысты 17 маусым (Босния-Герцеговина) және 20 маусым (Исландия) күндері өтетін матчтарға қатыса алмауы мүмкін.