“Севилья” жетінші рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол
Сурет: Getty images
Будапеште футболдан Еуропа лигасының финалы өтіп, “Рома” мен “Севилья” өзара мытыны анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталса, пенальтиде 4:1 есебімен “Севилья” командасы басым түсті. Осылайша, “Севилья” жетінші мәрте Еуропа лигасының чемпионы атанды.
Матчтың негізгі уақытында соғылған екі голдың да авторлары - “Рома” футболшылары. Ойынның 35-минутында Пауло Дибала есеп ашса, 55-минутында қорғаушы Джанлука Манчини өз қақпасына гол соғып алды.
Айта кетейік, бұның алдында “Севилья” 2019/2020 жылдар маусымында Еуропа чемпионы атанған.