Яка Бийол, Словения құрамасының қорғаушысы: Зайнутдиновті Италияда күтемін

Яка Бийол, Словения құрамасының қорғаушысы: Зайнутдиновті Италияда күтемін
Футбол

Словения құрамасы мен Италияның «Удинеза» командасының жартылай қорғаушысы Яка Бийол Қазақстанмен Астанада өткен кездесуден кейін тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Айта кетейік, Яка Мәскеудің ЦСКА клубында отандасымыз Бактиер Зайнутдинов бірге өнер көрсеткен.

– Біздің құрама үшін өте маңызды жеңіс. Ойын ауыр болды. Оны кездесу алдында да жақсы білдік. Бастысы, үш ұпай алғанымызға қуаныштымыз. – Бірінші таймда Қазақстан есепте алда тұрды. Үзілістен кейін қалай бәрі өзгеріп шыға келді?

– Меніңше, көп ештеңе өзгерген жоқ. Бірінші таймда жаман ойнаған жоқпыз. Тек аздаған сәттілік жетіспеді. Екінші таймда ойын қарқынын күшейтіп, өз мүмкіндіктерімізді пайдаландық. Екі гол соғып, жеңісті жұлып алғанымыз көңілімізді көтерді.

– Екінші таймның басындағы жылдам гол ойынға қаншалықты әсер етті?

– Әрине, жылдам гол әр кезде маңызды. Бұл Қазақстанға психологиялық тұрғыда соққы болды. Содан кейін қарсылас ұзақ уақыт есін жия алмады. – Қазақстан құрамасы сапында бұрынғы командаласын Бактиер Зайнутдинов бар. Ол шабуыл шебінде таңқалдың ба?

– Бактиердің жарақат алғанын естігенмін. Оның алаңға шыққанына қуаныштымын. ЦСКА-дағы карьерамды жақсы естеліктер көп. Сондықтан Зайнутдиновке деген құрметім зор.

– Қазіргі кезде Италия чемпионатында доп тебесің. Көптеген мамандар Бактердің де сол жаққа баруы мүмкін екенін айтады. Қазақстандық футболшы Италияда ойнауға қаншалықты қауқарлы?

– Өте жақсы ойыншы. Мүмкіндік болып, ауысып жатса, ойнап кететіне сенемін. Сондықтан Зайнутдиновті Италияда күтемін!

– Матчтан кейін жейде алмастыңдар ма?

– Иә.