9 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

9 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты
Бокс

9 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан боксшылар анықталды.

2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында 9 боксшымыз финалда бақ сынайды.

Олар:

35 келі. Абылай Досымбеков

40 келі. Бекхан Оразбаев

43 келі. Жұмағали Нұрмұхан

46 келі. Әмір Мұхит

52 келі. Нұрислам Оңалбек

55 келі. Әбдімансұр Жақсылық

61 келі. Алиимран Алиев

64 келі. Төрехан Қанатбай

70 келі. Мансұр Амантай

Аталған турнирде Әли Әбдікамал мен Жәдігер Мүсірәлі құрлықтық доданың қола медалін иеленді.