Черчесов құрама футболшыларының ойынына баға берді

Черчесов құрама футболшыларының ойынына баға берді
Футбол

Sputnik Казахстан - Sputnik Қазақстан

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Норвегия құрамасымен өткен тең ойын жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

– Біз жаңа лигадағы алғашқы ойынымызды өткіздік. Бұл жақтағы құрамалардың деңгейі С лигасына қарағанда басқа деуге болады. Әрбір ойын жоғары қарқында болады. Біздің міндетіміз – қағаз жүзінде мықты қарсыластарға қарсы тактика құру, оларға қарсы тұру. Бүгін мен жігіттерді алғашқы қадамдарымен құттықтадым. Олардың ойындарына бес деген баға қойдым. Бірақ бізге әлі көп еңбектену керек. Жанкүйерлерге көп рахмет. Біз енді Словенияға дайындықты бастаймыщ, - деді Черчесов.