Қазақстандық Даяна Федосова Паралимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды

Қазақстандық Даяна Федосова Паралимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды
Дзюдо

ҰОК

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті қоламен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді. Осылайша, Федосова Париждегі Паралимпиада ойындарының қола медалін иеленді.