Григорий Бабаян: «Астана» 60 минут жақсы ойнады, соңғы 30 минуты катастрофа

 Григорий Бабаян: «Астана» 60 минут жақсы ойнады, соңғы 30 минуты катастрофа

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Суперкубогының финалынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды bassport.kz.

– Бірінші кезекте барлық жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын. Трофейге талас, өте көп эмоция жұмсалды. Матчтың басында толқу болды. Дегенмен, бірінші тайм және екінші таймның алғашқы 15-минутында жақсы ойнады. Иә, қорғаныста екі-үш қателік болды. Әсіресе, бірінші голды айтар ем. Жалпы, маған ұнады. Бұл әлі басы. Команда алғашқы 60 минут жақсы ойнады. Қалған 30 минуты нағыз катастрофа. Қорғанысқа тым жатып алдық, қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық. «Ордабасы» мұны пайдаланды. Өте көп мүмкіндіктері болды. Сосын ойыншыларды алмастыруға тырыстық. Схеманы өзгерту, ойынды басқа арнаға бұруға барымызды салдық. Кейбір сәтте бұл ойымыз жүзеге асты. Бірақ жалпы алғанда соңғы 30 минут өте нашар. Дегенмен, жеңіске лайықтымыз деп айта аламын.

– Бүгін команданың жеңісіне үлес қосып, гол соққан футболшылар жаңадан келгендер. Олар туралы не айтасыз?

–Мен негізі командаға баға беремін. Бірақ бір нәрсені толық айта аламын. Барлық ойыншылар әлі қосу керек. Біз тапсырманы орындағымыз келеді. Биыл еурокубок ойындары бар.

– Жаңадан келген футболшының бірі Дембо Дарбо. Бүгін ойынға кіре алмаған тәрізді. Абат Айымбетовті ертерек шығару керек еді деген ой болмады ма?

– Менде солай ойлаймын. Дарбо соңғы 10-15 минут шаршап қалды. Сосын қарсыластың тыңнан кірген ойыншылары қысым жасаумен болды. Мен баспен жақсы ойнайтындарды алаңда қалдыруға тырыстым. Дарбо команданың ойынына кіре алмады деп айта алмаймын. Допқа таласты, көп қозғалды. Бір нәрсені ескеруіміз керек, адаптация деген бар. Бұл жаңа футболшы. Әзірге алғашқы ресми ойыны.

– Пенальтиді әдетте Марин Томасов тебетін. Бірақ осы жолы жаңадан келген Дарбо орындады. Алдағы уақытта қалай болады?

– Томасов та Дарбо да жақсы тебеді. Біз анализ жасадық. Бүгін Дарбо тепсін деп шештік. Бірақ үнемі солай болады деген сөз емес. Кім дайын сол орындайды.

– Алаңда ерекше көзге түскендердің бірі Урега болды. Бұл ойыншыны бұрыннан бақылап жүрдіңіздер ме?

– Жоқ. Эуженио кететін болған соң, шұғыл түрде футболшы іздедік. Бізге допты ұстап, ойынды жүргізетін адам керек болды. Уреганы бұрынғы Фокси Кетевомаға ұқсатамын. Стиль жағынан екеуі ұқсас. Біз сапалы вингерді қатарға қостық дей аламын.

– Орталық қорғаушы алу жоспарда бар ма?

– Бізге керек. Іздеп жатырмыз. Қосалқы құрамда футболшы аз. Соңғы минутта әуедегі доптарды шығаратын бойы ұзын қорғаушы табылмады. Сосын бір вингер, плеймекер және қорғаушы қажет. Команданың ойынында баланс болуы тиіс.