Кирилл Панюков: «Әр матчта, ауысымда өзімді дәлелдеп, барымды салып, еңбектенуім керек»

Кирилл Панюков: «Әр матчта, ауысымда өзімді дәлелдеп, барымды салып, еңбектенуім керек»
Хоккей

«Барыс» ХК

«Барыс» жаңа бас бапкер Ғалым Мамбетәлиевтің жетекшілігінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Астаналық клуб Минскіде «Динамо» командасын 2:1 есебімен жеңді. Қазақстандық хоккейшілер екінші, жеңіс шайбасын ойынның аяқталуына 30 секунд қалғанда соқты. Шайба авторы Кирилл Панюков матчтан соң BasSport.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Жеңіске жету әрдайым жағымды эмоция сыйлайды. Енді келесі ойынға дайындаламыз. Онда да дәл бүгінгідей шыдамдылық танытып, өз аймағымызда ұқыпты ойын өрнегін көрсетуіміз керек. Бүгін қорғаушылар өте көп соққыға тосқауыл болды. Никита Бояркиннің жеңіске қосқан үлесі өте зор, бізді үнемі алға жетелеп отырды.

Команданың бұл матчта осққан қос шайбасын да Кирилл Панюков – Әлихан Өмірбеков – Әлихан Әсетов үштігі ұйымдастырды. Бұл хоккейшілердің биылғы маусымда бірге соққан алғашқы голы емес.

- Кирилл, қос Әлиханмен арадағы түсіністік туралы не айтасыз? Осымен, қарсылас қақпасына бір емес, бірнеше шайба ұйымдастырып, соқтыңыздар?

- Бір-бірімізбен өте көп сөйлесеміз, жаттығу да көп жұмыс істейміз. Әр ауысымнан кейін нені дұрыс, нені бұрыс жасағанымызды талқылаймыз. Осыдан өзара түсіністік пайда болады деп ойлаймын.

- Соңғы ойындарда «команда капитанының» міндетін атқарып жүрсіз. Қандай да бір жауапкершілік жүктей ме? Командада үлкен өзгерістер орын алды. Қазір команданың ішіндегі атмосфера қалай?

- Әрине, жауапкершілік жүктейді. Маған әр ойында өзімнің осыған лайық екенімді дәлелдеп, әр матчта, ауысымда барымды салып, еңбектенуім керек. Командаға қолыңнан келгенше пайда тигізу – ең бастысы. Бәріміз де көп жұмыс жасауымыз керек, сонда барлығы жақсы болады.

- «Локомотивпен» кездесуден кейін Ғалым Баубекұлы ойынға қандай өзгерістер енгізді?

- Мұндай жылдам командалармен ойнаған кезде, күштік әдіске мән беру керек. Әрі өз аймағыңда шыдамдылық танытып, қарымта шабуылдар ұйымдастыра білу қажет. Бейнежазбаларды қарап, қарсыластарымызды зерттеп, олардың ойынына талдау жүргізіп жатырмыз.