Еленаның Швентекке шамасы жете ме?

Б.Төлеуов
Б.Төлеуов
Еленаның Швентекке шамасы жете ме?
Теннис

22 қаңтар күні таңғы 06:00-де қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшін маңызды ойын, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ол Аустралия ашық біріншілігінің (Australian Open) 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Рыбакинадан жасы кіші болса да, Швентектің қазір дәуірі жүріп тұр. 21 жасына дейін «Үлкен дулыға» сайыстарында үш рет топ жарды. Былтыр Франция мен АҚШ-та топ жарған. Қазақстандық теннисші Уимблдонның жеңімпазы екенін білесіздер. Сондықтан қызықты кездесу күтіп тұрғаны сөзсіз.

Екі мықтының тек біреуі ғана ширек финалға өтеді. Букмекерлік кеңселер Швентектің жеңісіне мүлдем күмән келтірмейді. Бірақ спортта бәрі мүмкін. Әйтпесе, Рыбакинаның былтыр Уимблдонда топ жаратына да сенгендер аз болған.

Ол өте мықты теннисші. Екеуіміз жастар және жасөспірімдер арасындағы додалардан бір-бірімізді білеміз. Алған бағыты дұрыс. Допты ойынға қосуы керемет. Әзірге тактикалық тұрғыдан дайындалған жоқпын. Дубайдағы көрсетілімде жолыққанбыз. Ол енді жолдастық кездесу. Барымды салмадым (Рыбакина жеңген болатын). Сосын екі жыл бұрынмұхит аралдарында жолымыз түйіскен. Алаңның сапасы нашарлау еді. Сол себепті алдын-ала болжам айту қиын (ол кезде екі сетте Швентек басым түскен), - дейді польшалық теннисші.

Ал жасөспірімдер арасындағы жарыстарда екеуі бір рет жолығып, Рыбакина жеңіске жеткен. Енді соны ересектер арасындағы бәсекеде қайталайтын уақыт келді.