Самат Отарбаев Қытай клубында жаттықтырушы қызметіне тағайындалды
Футбол
ASnews.kz
Қазақстандық қақпашы, Премьер-лига клубтарында өнер көрсеткен Самат Отарбаев Қытайдың Синьцзян Цзиньдунь клубында қақпашылар жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz
Үрімші қаласының командасы Қытайдың чемпиондар лигасы — CMCL турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жарыс елдегі төртінші деңгейлі дивизион саналып, кәсіби футболға жолдама береді. 3 мамыр күні команда Иньчуань қаласында топтық кезең аясындағы іріктеу ойындарын бастайды.
Сонымен қатар, Самат Отарбаев Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы U-18 жасөспірімдер құрамасында жұмысын жалғастырады. Ол бұл командамен келісімшартын наурыз айында ұзартқан.