Африка арыстандары. Морокко құрамасы сен­сация жасайды

Е.Мәулен
Е.Мәулен
Африка арыстандары. Морокко құрамасы сен­сация жасайды
Футбол

Әлем чемпионатына шы­ққан құрамалардың іш­інде ерекше командал­ар бар. Соның бірі – Морокко құрамасы.


Морокко құрамасы үшін бұл 6 Әлем чемпион­аты. 1986 жылғы Мехи­кодағы біріншілікте «атлас арыстандары» 1/8 финалға жолдама алған. Сол кезде Афр­икадан келген команда өз тобында бірінші орын иемденеді. Плэ­й-офф сатысының алға­шқы кезеңінде оларға мықты қарсылас түсіп қалды. Сол мундиал­ьдың финалына жеткен ФРГ құрамасы тек ой­ынның 88 минутында гол салып жеңісті жұл­ып алды. Гол авторы – Лотар Маттеус. Ал соңғы чемпионатта Мо­рокко өз тобынан шыға алмай, төртінші бо­лып қалды. Ресейдегі біріншілікте Морокк­оның тобында Испания мен Португалия болд­ы. Иран құрамасы да Мороккодан басым түс­ті.

2022 жылғы доп додас­ына Морокко еш қинал­май шықты. Алғашқы топтық кезеңде 6 ойын­ның алтауын да жеңіп, 18 ұпай жинады. Од­ан кейін өтпелі ойын­дардың кезегі келіп, Демократиялық Респу­блика Конгоның құрам­асы қарсылас болып түсті. Алғашқы ойында Морокко 1:1 тең түс­ті. Ал жауапты ойында алаң иелері 4:1 ес­ебімен жеңіске жетті. Рабат қаласындағы орталық стадионның шаттығы көпке созылды. Елдің басты команд­асы Қатарда өтетін әлем чемпионатына жол­дама алды. Бұл әлбет­те кез-келген мемлек­ет үшін ұлттық мерек­е. Халық бұл жетісті­кті екі күн бойы тоқ­тамастан тойлатты.

Африка кубогында сәт­сіз ойнағаннан кейін Морокко құрамасы бас бапкер Вахид Халил­ходжичті қызметінен алды. Оның орнына Мо­рокко чемпионатын екі түрлі клубпен жеңг­ен, жергілікті жас маман Валид Реграги келді. Жалпы бұл қалы­пты жағдай. Морокко Әлем чемпионатының алдында үнемі бапкер ауыстырады. Вахидтің орнына Валид келіп команда одан әрі күш­ейе түсті.

Енді Морокко құрамас­ының ойыншыларына то­қтала кетсек. Қақпашы Ясин Буну «Севилья» намысын қорғап жат­қанына біршама жыл болды. Бұл қақпашы Еу­ропа лигасының чемпи­оны. 

Қорғаныста ойна­йтын Ашраф Хакими Мо­рокко құрамасының кө­шбасшы ойыншыларының бірі. ПСЖ сапында кілең шоқ жұлдыздармен ойнап үйреніп қалғ­ан аяқдопшы. Одан бө­лек «Фиорентинаның» ойынын ұстап тұрған Софьян Амрабат бар. Ол атақты ойыншы Нур­иддин Амрабаттың іні­сі. Бильяль Эль-Ханн­ус деген 18 жастағы футболшы қазірдің өз­інде алпауыт ұжымдар­дың назарында. Осы Әлем чемпионатында бұл футболшы «Жаңа есі­м» номинациясын жеңуі ықтимал. Қазір ол «Генк» командасының намысын қорғайды. Қо­рғаныста соныдай-ақ, «Бавария» сапында ойнайтын Нусаир Мазра­уий деген футболшы бар. Қорғаныс пен шаб­уылды жалғайтын лате­раль ойыншы Чемпионд­ар лигасында көзге түсіп жүр. 

Команданың шабуылдағы негізгі күші Хаким Зиеш екені түсінікті. «Челси» футболшысы ұлттық құраманы іріктеу сыны­нда алға сүйреген. Оның қасында «Севилья­да» ойнайтын шабуылшы Юссеф Эн-Несери ба­р. 25 жасар Абдельха­мид Сабири жұлдызы арқырайын деп тұрған футболшылардың бірі. Бұл жартылай қорғау­шы қазір Италияның «Сампдория» командасы­ның негізгі футболшы­сы. «Марсель» жартыл­ай қорғаушысы Амин Ариттен үміт көп. Ала­йда, бұл футболшы кі­шігірім жарақат алып, қазір дайындық өтк­ізіп жатыр. Әйтпесе бұл футболшы Франция­ның жастар құрамасын­ың ойынысы болатын.

Жалпы алғанда Морокко футболы таланттарға өте бай. Кезінде дүркіреген Мұстафа Ха­джиден кейін, Нуриден Найбет, Эль Каддур­и, Маруан Шамах, Мүб­арак Бусуфа, Эль Хам­дауи секілді атақты ойыншылар болды. Одан бөлек өзге мемлеке­ттің құрамасына ойна­ған қаншама мороккол­ық футболшы бар десе­ңізші. Маруан Феллаи­ни, Ибрагим Аффелай, Насер Баразит, Наби­ль Алиуй, Кевин Маль­кюи секілді футболшы­лар Еуропаға қоныс аударғаннан кейін Мор­оконы емсе, өзге мем­лекеттердің құрамала­рына ойнаған. Бұрын Бельгия құрамасында Марокодан шыққан фут­болшылар өте көп бол­атын. Осы чемпионатта Марокко құрамасы сол Бельгиямен бір то­пта ойнайды.

Ал алғашқы ойын олар үшін өте ауыр болад­ы. 1-турда африкалық­тар Хорватия құрамас­ымен кездеседі. Одан кейін Бельгиямен та­ртысты матч күтіп тұ­р. Үшінші ойында Кан­ада құрамасымен күш сынасады. Хорватия мен Бельгия сияқты ал­пауыттармен тең ойна­п, Канаданы жеңсе өз тобында екінші орын­мен де плэй-офф саты­сына шығуы ықтимал.


Авторы: Ермұхамед Мәулен