ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымы:"Астана" БК кім күшейте алады

ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымы:
Баскетбол

Биыл "Астана" баскетбол клубы бірден бірнеше негізгі ойыншылардан айырылды. Кейбір позициялар күшейтуді қажет етеді. Қолайлы баскетболшыларды іалыстан здеудің қажеті жоқ. ВТБ Бірыңғай лигасында ойнаған ойыншыларға назар аударуға болады.

Василий Пушица, форвард Джордан Скиппер-Брау жәнеқорғаушы Карвель Андерсонның командасынан кетуі қиын болды.

Әрине, маусымаралық кезеңде үздік ойыншыларды алса жақсы.Әсіресе лигада ойнаған баскетболшылар арасынан таңдап көрсе. Мысалы, Ксавье Ратен-Мэйс. Ол Түркиядан "Енисейге" көшті. Бастапқыда сарапшылар оған көп сенбеді, бірақ ойыншы барлығын өзінің статистикасымен таң қалдырды. Бірінші айдың қорытындысы бойынша ол MVP болды. Оны тарту қиын болады. Және ойыншының бағасы да жоғары. Дегенмен, қарастырып көруге болады.

Қорғаушы Оливье Ханлан ЦСКА-дан еркін агент болып кетті. Канадалық жарақат алған Каспер Уэйр болмаған кезде команданы нығайту үшін Мәскеу клубына тартылды. Ол өз міндеттерін керемет орындады. "Астанаға" осындай сенімді ойыншы кедергі жасамас еді.

Тағы бір қорғаушы УНИКС клубының бұрынғы ойыншысы Эрик Грин. Ол - еркін агент. Өткен маусымда американдық ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты мен плей-офф сериясында 48 матч өткізді. Ол орташа есеппен 11,8 ұпай жинады.

Форвард Раде Загорац сынды ойыншыға да назар аударуға болады. Ол "Самарадан" да еркін агент ретінде кетті. Ол "Самара" клубының ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне алғашқы шығуына айтарлықтай үлес қосты. Ол орташа есеппен 7,9 ұпай жинады.  

Жылдам шабуылшы Морис Ндураны да қарастырып көрсе болады. Ол "Локомотив-Кубань" клубында өзін жақсы көрсетті. Сенегалдық 22 матч өткізіп, орташа есеппен 8.1 ұпай жинады. Морис пен Джонсон Маркел екеуінен жақсы байланыс жасауға болады.

Егер аталған баскетболшылар "Астана" жаттықтырушыларының назарына енсе, тезірек әрекет ету керек. Олар ұзақ уақыт бойы еркін агенттер болып қала бермейді.