Камила Берліқаш отызға таяған спортшыдан жеңіліп қалды

Камила Берліқаш отызға таяған спортшыдан жеңіліп қалды
Дзюдо

Дзюдодан Португалиядағы Гран-при турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына медаль түскен жоқ, деп жазады Bassport.kz.

Әйелдер арасында +78 келіде ел намысын қорғаған Камила Берліқаш қола медальдан көз жазып қалды. 

Ол кіші финалда нидерландтық Карен Стивенсоннан шидо саны бойыншы жеңілді. 

Камила да командаласы Дидар Хамза секілді жарысты бесінші орынмен аяқтады.