Олар айлакер болып шықты. Данияр Елеусінов менеджеріне қатысты мәлімдеме жасады

Олар айлакер болып шықты. Данияр Елеусінов менеджеріне қатысты мәлімдеме жасады
Бокс

Қазақ боксшысы, Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста жүрген Данияр Елеусінов (11-0, 6КО) менеджерлеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол бұған дейін Boxing Stars компаниясының менеджерлері - Зия Алиев, Элвиса Креспо, Джо Кьямбомен келісімшартты тоқтату бойынша сотқа жүгінген болатын.

Олардың енді айтатын ештеңесі жоқ. Енді не ойлап табу керектігін білмейді.Мен ешқашан келісімшартты көрген емеспін. Маған әдейі көрсеткен жоқ. Олардың қандай айлакер, қу екенін қараңыздар. Олар келісімшарт бойынша жекпе-жек ұйымдастыруға міндетті емес. Ал промоутерлік келісімшарттан бас тартуға құқығы бар. Сонда жұмыстарының мақсаты неде? Қалай ойлайсыздар?, - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңген. Сөйтіп, жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Өткен жылдың соңында ол жекпе-жектерге шықпағандықтан атағынан айырылды. Сондай-ақ атақты Matchroom Boxing промоутерімен де келісімшартын ұзартпаған еді.