Боксшылар жеребесі тартылып, алғашқы қарсыластар анықталды

Боксшылар жеребесі тартылып, алғашқы қарсыластар анықталды
Бокс

Бокстан Париж Олимпиадасында сынға түсетін қазақ боксшылары алғашқы айналымдағы қарсыластарын білді, деп жазады Bassport.kz тілшісі. 

Үш қазақстандық боксшы келесі айналымға өтсе, өздерінің әккі қарсыластарына жолыққалы тұр. Яғни, Сәкен Бибосынов екінші айналымға өткен жағдайда, өзбекстандық Хасанбай Досматовпен кездеседі.

Махмұд Сабырхан екінші кезеңге өтсе, Абдумәлік Халоковпен жолығады. Ал Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтсе, жапондық Синдзи Окадзавамен жұдырықтасуы мүмкін. 

Ерлер:

51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)

57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)

80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)

92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)

Әйелдер:

50 келі: Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)

57 келі: Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

75 келі: Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама) Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі