Қазақстандық боксшы Тайландта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Тайландта жекпе-жек өткізеді
Бокс

prosports.kz

25 шілдеде Бангкоктағы «Future Champions» турнирінде қазақстандық боксшы Нұржан Серікбаев таиландтық Порамин Саенгпакпен кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшының жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған.

Порамин Саенгпак кәсіпқой рингте 28 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жетіп, 9-ында жеңілген. 14 кездесуде нокаутпен жеңіске жеткен.

Нұржан Серікбаев кәсіпқой бокстағы дебютін екі жыл бұрын өткізген болатын. Оның рекордында техникалық нокаутпен 4 жеңіс бар. Қазақстандық жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатыр.