Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан 7 алтын медаль еншіледі

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан 7 алтын медаль еншіледі
Бокс

qazdauiri.kz

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған халықаралық жастар турнирі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жарысқа 2006 және 2007 жылы дүниеге келген боксшылар қатысты.

Турнирдің қорытындысына сәйкес Қазақстан 7 алтын медаль жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдибайұлы (92 кг) қанжығасына алтын медаль байлады.

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген 3 боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг). Ал, Өзбекстан құрамасынан Абдулазиз Абдуназаров (51 кг) пен Абдуллох Тохиров (67 кг) алтын жүлдеге қол жеткізді. Қырғызстаннан Чойбеков (86 кг) жеңіс тұғырынан көрінді.